amoCRM үшін
арнайы
жасалған
телефония
Телефонияны amoCRM-мен интеграциялау
Сценарийлерді баптаңыз. Сізге қоңырау шалғанда, біз сіздің сценарийіңіз мен amoCRM деректерін салыстырамыз. Қоңырау қажетті менеджерге түседі.
Егер мәміле бұрыннан бар болса, біз жауаптыны анықтап, қоңырауды соған бағыттаймыз. Тіпті клиент ортақ нөмірге хабарласса да.
Егер жауапты маман ауысса, ол тікелей мәміле ішінен қоңырау жазбаларын тыңдап, бұрын не болғанын біле алады.
Егер жаңа контакт қоңырау шалса, мәміле құрып, қоңырауды сіздің баптауларыңызға сәйкес бағыттаймыз. Жауап берген адам жауапты болады.
Әдепкі бойынша жіберілген қоңырау туралы жазба қалдырып, кері қоңырау шалуға тапсырма қоямыз. Егер CRM-де контакт болмаса — қосымша мәміле де құрамыз.
Қоңырауларды ережелеріңізге сай
бағыттау
құрастыру — оңай.
Клиенттер жұмыс уақытынан тыс
қоңырау шалса
Нөміріңіз ортақ, ал клиенттер әртүрлі аймақтан болса
Қоңырау қабылдайтын менеджер бос болмаса
Барлық бөлімдер бір нөмірден сөйлессе
Сипуниде қоңыраулармен жұмыс істеу — ыңғайлы
назарыңызды бөлмейді
Басқа қоңырау бағдарламалары да Сипуни телефониясымен жұмыс істейді. Бірақ біздікілерді қосу оңайырақ: хосттармен, домендермен және басқа да түсініксіз дүниелермен басыңыз қатпайды.
Сипуни телефониясы мен amoCRM интеграциясының тарифтері
АТС үшін бізге, ал байланыс үшін өз операторыңызға төлейсіз.
Сипуниді amoCRM-ге қалай қосуға болады
Телефонияны amoCRM-ге қосу бойынша толық нұсқаулық — біздің білім базамызда.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Олай емес. Интеграция кез келген тарифте бар, бірақ тариф деңгейі жоғарылаған сайын оның мүмкіндіктері де арта түседі.
Негізгі: бір CRM-мен интеграция. Қалағаныңызша схема құруға болады, бірақ барлық схема үшін жауапсыз қалған қоңырауларға тек бір жауапты маманды таңдай аласыз. Мәмілелерді де тек бір воронкада жасауға болады.
Кеңейтілген: үш CRM-ге дейін интеграциялау. Коллтрекинг интеграциясын қосып, әртүрлі схемалар үшін жауапсыз қалған қоңырауларға әртүрлі жауапты мамандарды тағайындауға болады. Бөлімдер әртүрлі воронкаларда жұмыс істей алады — мәмілелер тиісті воронкаға түседі.
Кәсіби: тек коллтрекингпен ғана емес, сонымен бірге сөйлеу аналитикасымен де интеграция орнатуға болады.
Өз операторыңыздың нөмірін SIP арқылы қосып, Сипуниді 15 минутта баптай аласыз.
Жоқ, қажет емес. Бұл — IP-телефония мен amoCRM-нің дайын интеграциясы. Баптауды өзіңіз де оңай жасай аласыз. amoCRM-ді Сипуниге қосу бойынша нұсқаулықты орындаңыз. Нұсқаулық — білім базасында.